Абай облысының прокуратурасы инвесторды заңсыз әкімшілік айыппұлдан қорғады

Абай облысының прокуратурасы инвесторды заңсыз әкімшілік айыппұлдан қорғады

      Абай облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Прокурорлық сүзгі» тетігі аясында шиналарды қайта өңдеу кешенін салу жобасын іске асырып жатқан инвестордың заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылуына жол бермеді.

      Прокуратураға Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Эйкос» ЖШС-ін тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзды деген негізбен әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шешімі келісуге келіп түсті.

      Тексеру барысында уәкілетті органның уәждері өз дәлелін таппағаны анықталды. Осыған байланысты прокуратура инвесторды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шешімді келісуден бас тартты.

      Прокуратураның араласуының нәтижесінде инвесторды негізсіз әкімшілік қудалаудың жолы кесіліп, оның құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.

      Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

      Инвесторлардың құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

      Абай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 707 144 00 16 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

    

                                                                                                                      Абай облысының прокуратурасы