Абай облысының прокурорлары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады

Абай облысының прокурорлары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады

      Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Аягөз ауданының прокуратурасы экологиялық заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді.

      Мониторинг нәтижесінде экологиялық талаптарды тиісінше сақтамауға байланысты 17 заң бұзушылық фактісі анықталды.

      Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылданып, Аягөз қаласының әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

      Прокуратура аудан тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, елді мекендер мен қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының бұзылу фактілері туралы уәкілетті органдарға хабарлауға шақырады.

      Елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуы – мемлекеттің, жергілікті атқарушы органдардың және әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.

                                                                                                             Абай облысының прокуратурасы