Абай облысында бағалы металларды заңсыз өндірудің жолы кесілді

Абай облысында бағалы металларды заңсыз өндірудің жолы кесілді

       Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті Жарма ауданының аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті.

       Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау жұмыстары жүргізіліп, бағалы металдар заңсыз өндірілген үш учаске анықталды.

       Заңсыз қызмет барысында топырақ жамылғысына ауқымды зиян келтіріліп, оның ішінде құнарлы топырақ қабаты сыпырылып алынған.

       Тергеу іс-шаралары барысында алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдықтары, арнайы техника және автокөліктер тәркіленді.

       Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда.

       Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

     #Әділдік

     #Заңүстемдігі

                                                                                                                                                                                                          Абай облысының прокуратурасы