2026 жылғы 14 маусымда Абай облысы прокуратурасының бастамасымен балалардың «Елімай» және «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчын тамашалауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың заңға құрметін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылығын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мазмұнды әрі қауіпсіз бос уақытын ұйымдастыру.
Акция аясында балаларға футболшылардың қолтаңбасы қойылған 1000-нан астам билет табысталды.
Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ әлеуметтік осал топтардағы және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында заңға бағынушылық қағидаттарын және спортқа деген сүйіспеншілікті насихаттауға бағытталған арнайы дайындалған профилактикалық бейнероликтер мен тақырыптық баннер көрсетілді.
Жасөспірімдер туған командасына қолдау білдіріп, кәсіби футболдың ерекше атмосферасын сезінуге және спорттың дені сау, белсенді әрі табысты тұлғаны қалыптастырудағы маңызды фактор екеніне көз жеткізуге мүмкіндік алды.
Облыс прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі