Абай облысының прокуроры «Invest Caravan» акциясы аясында өңірдің негізгі инвестициялық жобаларын аралады

Абай облысының прокуроры «Invest Caravan» акциясы аясында өңірдің негізгі инвестициялық жобаларын аралады

       Абай облысының прокуроры Нұрсұлтан Рақышев «Invest Caravan» акциясы аясында өңірдегі бірқатар инвестициялық жобаларға барды.

       Олардың қатарында «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы, сондай-ақ 1873 жылы салынған бұрынғы әйелдер гимназиясы ғимаратын қонақ үй, мейрамхана және кеңсе орындары орналасатын заманауи көпфункционалды кешенге қайта жаңғырту жобасы бар.

       Кездесу барысында инвесторлар жобалардың іске асырылу барысы, тартылған инвестиция көлемі, құрылатын жұмыс орындарының саны және нысандарды одан әрі дамыту жоспарлары туралы ақпарат берді.

       Кездесу барысында бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын әкімшілік және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

       Облыс прокуроры инвестиция тарту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Инвесторлардың құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

       Ашық диалог барысында инвесторларға инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу тетіктері, бизнесті негізсіз араласудан қорғау шаралары, сондай-ақ туындайтын мәселелер мен шектеулерге жедел ден қою тәртібі түсіндірілді.

       «Invest Caravan» акциясы мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға, инвесторлардың мәселелерін уақытылы анықтауға және оларды шешуге практикалық көмек көрсетуге бағытталған.

       Бұл форматтағы жұмыс Абай облысының барлық қалалары мен аудандарында жүргізілуде.

       Абай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (707) 144-00-16 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

       Абай облысының  прокуратурасы  

      #Әділдік

      #Заңүстемдігі