Абай облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, өңірде ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Arx Minerals» ЖШС-нің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.
Компания мыс кенін өндіру және өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде. Жалпы инвестиция көлемі 12 млрд теңгеден асады, 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.
Жобаны сүйемелдеу барысында Жер қатынастары бөлімі тарапынан инвесторға жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті электр беру желісі тіректерінің координаттарын келісуден бас тартылғаны анықталды.
Бас тартуға инвестордың қолданыстағы электр беру желісі тіректері орналасқан жер учаскелерінің аукционға шығарылуы себеп болған.
Жаңасемей ауданы прокуратурасының араласуынан кейін аталған жер учаскелері аукционнан алынып тасталып, инвестордың бұрын жобаланған жер учаскелеріне түзету енгізу туралы өтінімін қарау қайта
жалғастырылды.
Қабылданған шаралар әкімшілік кедергілерді жоюға және инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Абай облысының прокуратурасы құқықтарының бұзылуына немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлар +7 707 144 00 16 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласа алатынын еске салады.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі