Абай облысында «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасы ашылды

Абай облысында «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасы ашылды

       Абай облысында Болашақ прокурор кеңістігі» жобасының салтанатты ашылуы Әлихан Бөкейхан атындағы университетте өтті.

       Жобаның негізгі мақсаты - жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, прокурор мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ болашағын құқық қорғау жүйесімен байланыстыруды жоспарлаған студенттердің кәсіби бағдар алуына жағдай жасау.

       Ашылу рәсіміне Абай облысының прокуроры Ракишев Нұрсұлтан, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Кадр жұмысы департаментінің Бас прокурордың аға көмекшісі Қуанышева Асылхан, университет басшылығы мен студенттері қатысты.

       Іс-шара барысында мамандандырылған прокурор кабинеті ашылып, облыс прокуратурасы мен университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар студенттермен кездесу өткізіліп, заңдылықты нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту және прокуратура органдарындағы қызметтің перспективалары мәселелері талқыланды.

       «Болашақ прокурор кеңістігінің» ашылуы білім беру қауымдастығы мен прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Бұл бастама білікті әрі ынталы жас мамандарды даярлауға ықпал етеді.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділеттілік      

#КүшЗаңда