Облыс прокуратурасы ағымдағы жылы сталкинг фактілері бойынша 6 тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуды қамтамасыз етті.
Атап айтқанда, 2026 жылғы ақпан айында облыс тұрғынына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ол 2025 жылғы қарашадан бастап ағымдағы жылдың ақпан айына дейін танысын «WhatsApp» және «Instagram» мессенджерлері арқылы қудалап, оның жүрген жерін бақылаған, жұмыс және тұрғылықты мекенжайларына барған, психологиялық қысым көрсеткен, сондай-ақ оның жеке фото және бейнематериалдарын туыстары мен таныстары арасында таратамын деп қорқытқан.
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың үкімімен облыс тұрғыны Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Сталкингтің алдын алу мәселелері ағымдағы жылдың сәуір айында Абай облысы прокуратурасының алқа отырысында қаралды.
Облыс прокуратурасы сталкинг үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескертіп, азаматтарға қудалаудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуді ұсынады.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділеттілік
#КүшЗаңда