Абай облысының прокуратурасы инвесторға заңсыз айыппұл салудың алдын алды

Абай облысының прокуратурасы инвесторға заңсыз айыппұл салудың алдын алды

       Абай облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен үйлестіру аясында автожанармай құю станциялары желісін салу жобасын іске асырып жатқан «Gaz&Мұнай» ЖШС-нің құқықтарын қорғады.

       Жобаның жалпы инвестиция көлемі 2,8 млрд теңгені құрайды, 184 жұмыс орнын ашу көзделген.

       Анықталғандай, табиғатты қорғау полициясы кәсіпорынға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырған. Наразылықтың мәні қоршаудың болмауы және құрылыс материалдарының сақталуына байланысты болған.

       Келісу үшін түскен әкімшілік іс материалдарын зерделеу барысында қолданыстағы заңнама нормаларының дұрыс қолданылмағаны анықталды.

       Құрылыс материалдары серіктестіктің өз аумағында орналастырылған, яғни оған іргелес қалалық аумақта болмаған.

       Осы жағдайда абаттандыру қағидаларын қолдануға негіз болмаған.

       Нәтижесінде Семей қаласының прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға келісім беруден бас тартты. Осылайша, инвесторды заңсыз жауапкершілікке тартудың алдын алынды.

       Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

       Айта кетерлік, «прокурорлық сүзгі» тетігі аясында инвесторларға қатысты кез келген әкімшілік ықпал ету шаралары прокуратура органдарымен міндетті түрде келісілуге жатады.

       Абай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 707 144 00 16 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділеттілік      

#КүшЗаңда