2025 жылғы 24 шілдеде Жарма ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандармен кездесу ұйымдастырып, оның барысында жеке қауіпсіздік, балаларды қорғау мәселелері, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі түсіндірілді.
Іс-шарадан кейін аудан прокуратурасына кәмелетке толмаған қыз өгей әкесі өзіне қатысты бірнеше рет құқыққа қайшы әрекеттер жасалғаны туралы арызбен жүгінді.
Сауалнама барысында кәмелетке толмаған қыз құқық қорғау органдарына қорғану үшін жүгіну мүмкіндігі туралы жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында білгенін айтты.
Прокуратураның тапсырмасы бойынша дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеу қамтамасыз етілді.
Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмағанның өгей әкесі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Облыс прокуратурасы азаматтарды кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауға және құқық қорғау органдарынан көмек сұраудан қорықпауға шақырады. Уақтылы жүгіну балалардың құқықтарын қорғауға және кінәлілерді жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділеттілік
#КүшЗаңда