Абай облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп «Адал адам – Адал еңбек» жобасын іске асыруды бастады.

Абай облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп «Адал адам – Адал еңбек» жобасын іске асыруды бастады.

       24 сәуірде жұмыс берушілер мен жұмысқа орналасуға ниетті азаматтар үшін диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға Семей қаласының тұрғындары қатысты.

       Қатысушылар іс-шара форматын оң бағалап, ұсынылған жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

       Алаң халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің тиімді құралына айналды. Бір күннің ішінде 50-ден астам жұмыссыз азамат облыс орталығындағы ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға жолдама алды. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтардан 10 азамат, пробация қызметінің есебінде тұрған 21 азамат және алименттік міндеттемелер бойынша 4 борышкер бар.

       Жоба аясында қатысушыларға өзекті бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды. Жобаның іске асырылуын бақылауды облыс прокуратурасы жүзеге асырады.

       Бастама халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

       Алдағы уақытта жоба аясында осындай іс-шаралар облыс прокуратурасымен жүйелі түрде өткізілетін болады.

       Абай облысының прокуратурасы

 #Әділдік

 #ЗаңҮстемдігі