Жарма ауданының прокуратурасы Төтенше жағдайлар бөлімі инвесторды мұндай жағдайларда прокуратурамен міндетті келісусіз әкімшілік жауапкершілікке тартқанын анықтады.
Прокурорлық ден қою актісі бойынша әкімшілік іс жүргізу тоқтатылып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.
Аудан прокуратурасы негізсіз әкімшілік қысымның алдын алуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған «прокурорлық сүзгі» тетігінің қолданылуын қамтамасыз етті.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі