ХАБАРЛАНДЫРУ прокуратура органдарына қызметке кіру үшін алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеу өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ прокуратура органдарына қызметке кіру үшін алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы прокуратура органдарына қызметке кіруге ниет білдірген тұлғаларды алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеудің (бұдан әрі – Іріктеу) басталғаны туралы хабарлайды.

Іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымына жүргізіледі.

Лауазымдық міндеттеріне Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру, сондай-ақ заңнамада белгіленген шектерде мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді.

Ең төменгі жалақы мөлшері – 242 650 теңге құрайды.

Іріктеуге мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда  тестілеуден (оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан) өткен кандидаттар жіберіледі (құқық қорғау қызметі лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша).

Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәртібі

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 04 мамыр мен 03 маусым аралығында «Open Academy» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Іріктеуге қатысу үшін кандидаттарға:

  • prokuror.gov.kz сайтында жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН)

арқылы тіркелу;

  • жеке кабинетке келесі құжаттарды толтырып, жүктеу қажет:
  1. Іріктеуге жіберу туралы өтініш (ЭЦҚ-мен қол қойылған), кез келген өңірде қызмет өтуге келісімімен бірге;
  2. білім туралы құжаттар қосымшаларымен бірге (шетелдік дипломдар үшін — нострификациялау/тану растамасы);
  3. өмірбаян белгіленген нысан бойынша;
  4. 3×4 өлшемді фотосурет (10 МБ дейін);
  5. бар болған жағдайда — қосымша құжаттар (сертификаттар, грамоталар, дипломдар және өзгелері).

Құжаттар топтамасының толық болмауы не ұсыну мерзімінің бұзылуы

қатысудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  2. жасы 18-ден 35-ке дейін;
  3. жоғары заңгерлік білімінің болуы.

Іріктеуге қатысуға қойылатын шектеулер

Сотталғандығы бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, мемлекеттік немесе құқық қорғау қызметінен теріс себептермен босатылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де шектеулерге жататын тұлғалар Іріктеуге қатысуға жіберілмейді.

Іріктеу кезеңдері

Іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

  1. құжаттарды қабылдау және тексеру;
  2. кейстік тапсырмаларды шешу;
  3. эссе жазу;
  4. психологиялық-әлеуметтанулық зерттеу;
  5. медициналық және психофизиологиялық куәландыру;
  6. полиграфологиялық зерттеу;
  7. әңгімелесу.

Қажетті компьютерлік техника болмаған жағдайда кандидаттар Іріктеу кезеңдерін аумақтық құқық қорғау органдарының арнайы жабдықталған ғимараттарында өте алады (прокуратура органдарнының аумақтық құрылымдары орналасқан мекен-жайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген).

Оқыту және әрі қарай жұмысқа орналасу

Іріктеуден сәтті өткен кандидаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға жіберіледі.

Алғашқы кәсіби даярлық мерзімі:

6 ай (Академияда 5 ай оқу + 1 ай тағылымдама)

Оқу кезеңінде 40 532 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді.

Алғашқы даярлықты сәтті аяқтаған кандидаттар құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданып, сынақ мерзімінсіз лауазымға бірмезгілде тағайындалады және сыныптық шен беріледі.

Қызметтің ерекше шарттары

Прокуратура органдарындағы қызмет заңнамада белгіленген шектеулерді сақтауды талап етеді, оның ішінде:

  • саяси қызметке және кәсіпкерлікке қатысуға тыйым салынады;
  • өзге ақылы қызметпен айналысуға тыйым (ғылыми, педагогикалық және шығармашылық қызметтен басқа);
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау;
  • табыс әкелетін мүлікті сенімгерлік басқаруға беру міндеті.

Қосымша ақпарат

Іріктеуді өткізу тәртібі Бас Прокурордың 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 59 және Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №6 бірлескен бұйрығымен реттеледі — « Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 675 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» — «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне қызметке кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлауға іріктеу қағидалары мен оны өтудің шарттарын, сондай-ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлаудан шығару негіздерін бекіту туралы». Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 сәуірде №38414 болып тіркелген.

Техникалық қолдау байланыстары: 8-779-914-79-36

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі–жұма: 09:00–13:00, 14:30–18:30