«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай облысының прокуратурасы орманды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай облысының прокуратурасы орманды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты

       Экологиялық бастамаларды қолдау және өңірдің орман қорын қалпына келтіру мақсатында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

       Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлері өрттен зардап шеккен орман алқабында 3428 қарағай көшетін отырғызды.

       Көшет отырғызу орманды қайта жаңғыртуға қосылған нақты үлес және келер ұрпаққа жасалған маңызды инвестиция болды.

       Аталған жұмыс экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, жасыл қорды ұлғайтуға және орман алқабының жай-күйін жақсартуға бағытталған.

       Абай облысының прокуратурасы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырады.

      Абай облысының прокуратурасы

 #Әділдік

 #ЗаңҮстемдігі