Абай облысының прокуратурасы мен Бас көлік прокуратурасы жол қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді бірлесіп қарады

Абай облысының прокуратурасы мен Бас көлік прокуратурасы жол қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді бірлесіп қарады

       Абай облысының прокуроры Нұрсұлтан Рақышев пен Бас көлік прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен алғаш рет жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

       Отырыс барысында өңірдің автомобиль жолдарының ұзындығы айтарлықтай екенін және транзиттік аймақ болып табылатыны атап өтілді. Бұл өз кезегінде жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені арттырып, жол-көлік оқиғаларының тәуекелдерін көбейтеді.

       Негізгі проблемалардың бірі ретінде полиция күштері мен құралдарының жеткіліксіздігі көрсетілді. Соның салдарынан жолдардың жекелеген учаскелері патрульдеусіз қалып, жол-көлік оқиғаларының өсуіне ықпал етуде.

       Сонымен қатар құқық бұзушылықтарды тіркеудің техникалық құралдарын пайдалану барысында кемшіліктер, ақпараттық жүйелердің интеграциясының болмауына байланысты шетелдік жүргізушілерді жауаптылыққа тартудағы қиындықтар, сондай-ақ жол инфрақұрылымын күтіп ұстау сапасының төмендігі анықталды.

       Жаңа профилактикалық әдістерді енгізуге ерекше назар аударылды, оның ішінде «сары» және «вафельді» жол таңбаларын салу, жол белгілерін асфальт жамылғысына орналастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді навигациялық сервистерге енгізу мәселелері қаралды.

       Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға жол-көлік оқиғаларын және жолдардағы өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

       Аталған мәселе Абай облысының прокуратурасы мен Бас көлік прокуратурасының бақылауында.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі