Абай облысында сот өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты

Абай облысында сот өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты

       2026 жылғы 3 наурызда Семей қаласындағы «Balapark» балалар ойын-сауық орталығында өрт орын алды. Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілмеді.

       Алайда қала тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.

       Мұндай жалған мәліметтердің таралуы тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына алып келуі мүмкін еді.

       Тұрғынның жеке басы жедел түрде анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

       Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

       2026 жылғы 18 наурыздағы сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін 86 500 теңге мөлшерінде айыппұлға тартылды.

       Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

       Абай облысының прокуратурасы ескертеді: шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату, әсіресе төтенше жағдайлар кезінде, жол берілмейді және заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

        Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі