Абай облысының прокуроры Нұрсұлтан Рақышев жұмыс сапарымен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына барды.
Сапар барысында мекеме басшылығы кәсіпорынның қызметі, негізгі функциялары мен міндеттері, сондай-ақ материалдық-техникалық базасының жай-күйі туралы толық ақпарат ұсынды. Орман ресурстарын қорғау, сақтау және молықтыру бағыттарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мекеменің өрт қауіпті кезеңге дайындығы тексерілді. Орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою үшін қажетті күштер мен құралдардың жеткіліктілігі бағаланды.
Сапар қорытындысы бойынша мекеме қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, негізгі міндеттер айқындалды, сондай-ақ жұмыстың тиімділігін арттыруға және орман қорын тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі