Абай облысының прокуратурасы: су тасқынына дайындық – жеке жауапкершілік аймағы

Абай облысының прокуратурасы: су тасқынына дайындық – жеке жауапкершілік аймағы

 

       Абай облысының прокуратурасында облыс прокуроры Нұрсұлтан Рақышевтің төрағалығымен су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

       Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің және бейінді ведомстволардың өкілдері қатысты.

       Өңір үшін су тасқыны жыл сайын негізгі табиғи тәуекелдердің бірі болып қала беретіні атап өтілді. Осыған байланысты тек жоспарлауға ғана емес, су тасқынына қарсы іс-шаралардың нақты орындалуына да ерекше назар аударылды.

       Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, елді мекендердің ықтимал су басуға дайындығы, сондай-ақ бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы қаралды. Барлық қызметтердің іс-қимылдарының үйлесімділігіне ерекше назар аударылды.

       Қадағалау қызметі барысында прокуратура су тасқынына қарсы шараларды іске асыру кезінде бұзушылықтарды анықтады. Облыс әкімдігіне прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

       Сонымен қатар, бірқатар фактілер бойынша сараптамалар тағайындалып, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Олардың барысы прокуратураның бақылауында.

       Облыс прокуроры Нұрсұлтан Рақышев атап өткендей: «Су тасқыны кезеңі – жоспарлардың емес, нақты дайындықтың көрсеткіші. Бұл жұмыстағы кез келген қателіктер адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, сондықтан шешімдер уақтылы және орындалатын болуы тиіс».

       Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жоюға және дайындық деңгейін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

       Заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері облыс прокуратурасының ерекше бақылауында қалады.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділеттілік      

#КүшЗаңда