Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен Абай облысының прокуратурасы агроиндустриялық кластер құру жобасын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқықтарын қорғады.
Жобаның жалпы құны шамамен 50 млрд теңгені құрайды, бұл 150 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Тексеру барысында уәкілетті органдардың инвесторға жер учаскелерін рәсімдеуден негізсіз бас тартқаны анықталды.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде барлық әкімшілік кедергілер жойылып, инвесторға жобаны қалыпты режимде жалғастыруға мүмкіндік берілді, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Агроиндустриялық кластерді іске асыру өңір экономикасының дамуына және облыс тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға елеулі үлес қосады.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділеттілік
#КүшЗаңда