Абай облысында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірлескен жоба жүзеге асырылуда

Абай облысында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірлескен жоба жүзеге асырылуда

       Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыс әкімі мен облыс прокуроры арасында бұған дейін қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында студенттер мектептерде дәрістер топтамасын бастады.

       17–18 ақпан күндері Педагогикалық колледж студенттері облыс орталығының мектептерінде ағартушылық сабақтар өткізді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту.

       Әрбір студент-лекторға прокуратураның тәжірибелі қызметкерлері бекітіліп, олар әдістемелік қолдау көрсетіп, материалдарды дайындауға көмектесті және сөз сөйлеудің негізгі бағыттарын айқындады.

       Жобаға қатысу болашақ педагогтарға көпшілік алдында сөйлеу және оқушылармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

       Бірлескен іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді әрі нәтижелі студенттер марапатталды.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Заң_мен_тәртіп

#Әділдік

#ЗаңҮстемдігі