Абай облысы прокуратурасының бастамасымен құқық қорғау органдары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл аясында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды қолдауға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған ауқымды түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек алу тәртібі, кредиттік берешекті реттеу тетіктері және банк шоттарын бұғаттан шығару мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтерді ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік беретін «FSM Social» мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды.
Уәкілетті органдардың өкілдері сотталғандардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша консультациялық және практикалық көмек алу жолдарын жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша есепте тұрған тұлғаларға жұмысқа орналасуға, құжаттарды қалпына келтіруге және өзге де әлеуметтік көмек көрсету бойынша нақты қолдау көрсетілді.
Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділеттілік
#КүшЗаңда