Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Абай облысында облыс әкімі мен облыс прокурорының қатысуымен жаңа медициналық-әлеуметтік орталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Нысан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жан-жақты көмек көрсету мақсатында салынған.
Медициналық-әлеуметтік орталықтың құрылысы Бас прокуратураның заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі жұмысы аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылды.
Орталық денсаулық сақтау, әлеуметтік және психологиялық көмек салаларында азаматтарға кешенді қолдау көрсетіп, өңір халқы үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Облыс прокуроры Ерлан Абаев мекеме ұжымына Бас Прокурордың алғыс хатын табыстап, аталған нысан мемлекетке қайтарылған қаражатты тиімді пайдаланудың айқын үлгісі әрі азаматтардың денсаулықты сақтау жөніндегі конституциялық құқықтарының қамтамасыз етілуінің дәлелі екенін атап өтті.
Облыс әкімі Берік Уәли орталықтың өңір үшін маңыздылығын және облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосатын үлесін ерекше атап өтті.
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен тағы 25 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 21 су қамтамасыз ету нысаны, үш медициналық және бір білім беру мекемесі бар.
Медициналық-әлеуметтік орталықтың ашылуы Абай облысында әлеуметтік қолдау мен денсаулық сақтау жүйесін нығайтудағы маңызды кезең болды.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділеттілік
#КүшЗаңда