Абай облысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды «Құқықтық дәріхана» айлық акциясы өткізілуде.
Іс-шаралар жеке және көшпелі қабылдауларды, түсіндіру кездесулерін қоса алғанда, түрлі форматта ұйымдастырылуда. Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтиды.
Азаматтардың жаппай жиналатын орындарында, оның ішінде Семей қаласындағы «Avenue» және «Апрель» сауда-ойын-сауық орталықтарында консультациялық алаңдар ұйымдастырылды.
Азаматтарды қабылдауды құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, сот орындаушылары және басқа да мамандар жүзеге асыруда.
Азаматтар қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және өзге де заңнама салаларындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік алады.
300-ден астам азаматқа құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, мүліктік және отбасылық дауларды шешу, сондай-ақ өзге де құқықтық жағдайлар бойынша түсіндірме берілді.
«Құқықтық дәріхана» акциясын өткізу азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі