Абай облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы алтынды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесті

Абай облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы алтынды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесті

       Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жарма ауданында жүргізілген рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және басқа да пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан бес тұлғаны анықтады.

       Құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді.

       Сот аталған тұлғаларды ӘҚБтК-нің 463-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салу және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркілеу түріндегі жаза тағайындады.

       Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі