
Абай облысының прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
2025 жылдың 29 желтоқсанында өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерудің заңдылығы, сондай-ақ уәкілетті органдар тарапынан қабылданып жатқан алдын алу шаралары талқыланды.
Отырысты аша отырып, облыс прокуроры Ерлан Абаев қаралып отырған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсетті.
Отырыс барысында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың жолын кесуге, сондай-ақ наркодүкендер мен нарколабораторияларды ұйымдастырушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға ерекше назар аударылды.
Жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қоғам өкілдері мен жастар ұйымдарын тарта отырып, алдын алу жұмыстарын жандандыру ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейтуге және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі