Семей қаласында Абай облысының прокуратурасы 2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде шетелдік студенттерге арналған бұрын басталған құқықтық дәрістердің топтамасын қорытындылауға байланысты кең ауқымды іс-шара өтті. Кездесуге Семей медицина университетінің 500-ден астам шетелдік студенттері қатысты. Іс-шара Абай облысы әкімдігінің және Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Студенттерге идеологияның негізгі нормалары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы көші-қон заңнамасы, қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидалары, жеке қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мәдени және моральдық құндылықтары түсіндірілді. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіліп, барлық шетелдік білім алушыларды толық қамтуға мүмкіндік берді.
Ерекше назар бірінші курс студенттеріне аударылды — оларға бейімделу, заңнаманы сақтау, Қазақстанда жүрген кезде құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша прокурор мен облыс әкімінің орынбасары атынан Семей медицина университетінің ректорына және шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі деканына дәрістер топтамасын ұйымдастырудағы белсенді қолдауы үшін алғыс хаттар табысталды. Қатысушыларға құқықтық ағарту жобасы аясында әзірленген «Заң мен Тәртіп» тақырыбындағы естелік мерчтер дайындалып, табыс етілді.
Абай облысының прокуратурасы шетелдік студенттермен жұмысты профилактикалық қызметтің маңызды бағыты ретінде қарастырады және олардың құқықтық сауаттылығын, қауіпсіздігін және қазақстандық қоғамға табысты бейімделуін арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі