Абай облысында студенттер мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру жұмысына тартылуда

Абай облысында студенттер мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру жұмысына тартылуда

       Ағымдағы жылдың 27 қарашасында облыс прокуроры Ерлан Абаев, облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов  және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Шагангул Жанаева  Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

       Меморандумның негізгі мақсаты – құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы нығайту, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау, кез келген құқықбұзушылықтарға теріс көзқарас қалыптастыру.

       Меморандум шегінде педагогикалық колледж студенттері мектептер мен орта білім беретін мекемелерде есірткі қылмыстары, алаяқтық, буллинг және өзге де құқықбұзушылықтарға жол берілмейтіндігі және салдары туралы дәрістер оқиды.

       Облыс прокуроры жастарды құқықбұзушылықтың алдын алуға тарту жасөспірімдердің санасында заң мен қоғамдық ережелерді бұзуға деген төзбеушілікті қалыптастыратынын атап өтті.

       Сонымен қатар, бұл жұмыс балаларды оқытумен болашақ мансабын жоспарлап отырған студенттерге көпшілік алдында сөйлеу және оқушылармен жұмыс істеуге  тәжірибені жинауға мүмкіндік береді.

       Іс-шара қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі белсенді және нәтижелі жұмыс істеген студенттерді марапаттайтын болады. 

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Әділдік

#Заңүстемдігі