Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.
Прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне жолданды.
Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
Абай облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз ету және мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жалғастырады.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі