Бородулиха ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және күтіп-ұстау мәселелерін кешенді реттеу жобасы жүзеге асырылуда.
Аудан прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және күтіп-ұстау мәселелерін кешенді реттеу» жобасын әзірлеп, енгізді.
Жобаның басты мақсаты — малды бағу және күтіп-ұстауды бақылауды қамтамасыз ету, оны уақтылы сәйкестендіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының тапталуы, жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары және мал ұрлығы сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Жобаны іске асыру барысында автомобиль жолдарының әртүрлі санаттарында, оның ішінде апатты қауіпті учаскелерде, елді мекендерде жұмыс істеп тұрған 17 айып тұрағына қосымша 6 айып тұрағы орнатылды. Сондай-ақ, жол бойында жүргізушілерге жолға малдың шығу ықтималдығы туралы ескерту мақсатында 5 жануар макеті орналастырылды.
Өзінше жайылып жүрген 350 бас мал айып тұрағына қойылып, олардың иелері әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындардың ауыл шаруашылығы жануарларын орталықтандырылған түрде бағу ұйымдастырылып, айдау маршруттары мен жайылым аймақтары айқындалды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда құқық бұзушылықтардың айтарлықтай азаюы байқалады:
Бородулиха ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі