Курчатов қаласының прокуратурасымен бірқатар мектеп оқушыларының тыйым салынған интернет-ресурстарға еркін қол жеткізу фактілері анықталды.
Төрт жалпы білім беретін мектептің информатика кабинеттерінде қажетті контент сүзгілері орнатылмаған, соның салдарынан кәмелетке толмағандар денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін (оның ішінде суицидтік, зорлық-зомбылық сипатындағы және ересектерге арналған) материалдары бар веб-беттерге қол жеткізе алған.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде мұндай сайттарға кіруге шектеу қойылды.
Аталған заңбұзушылықтарға жол берген білім беру ұйымдарының басшылары ӘҚБтК-нің 409-бабының 7-2-бөлігі (Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Курчатов қаласының прокуратурасы ата-аналар мен педагогтарды балалардың интернет белсенділігіне ерекше назар аударып, оларды зиянды ақпараттан қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдауға шақырады.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі