Абай облысында экстремизм мен сотталғандарды радикалданудан сақтау шаралары талқыланды

Абай облысында экстремизм мен сотталғандарды радикалданудан сақтау шаралары талқыланды

       2025 жылғы 16 қазанда Семей қаласында облыс прокуроры Ерлан Абаевтың төрағалығымен экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды дерадикалдандыру мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйі мен жедел-іздестіру шараларының тиімділігіне арналған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

       Отырысқа үйлестіру кеңесінің мүшелері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

       Негізгі назар сотталғандарды радикалданудан сақтау жөніндегі алдын алу шараларының тиімділігіне және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге аударылды. Қатысушылар қазіргі жағдайды талқылап, өзекті мәселелерді қарастырып, оларды шешу бойынша қосымша шаралар кешенін айқындады.

       Облыс прокуроры Ерлан Абаев интернет желісін пайдаланып, радикалды көзқарас белгілерін көрсетіп жүрген тұлғалардың көбеюі алаңдаушылық тудыратынын атап өтті.

       «Қалыптасқан жағдай радикалданудың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың жаңа, тиімді тетіктерін енгізуді талап етеді. Бұл бағыттағы негізгі элемент – құқық қорғау органдары мен өзге де ведомстволардың іс-қимылдарын үйлестіру», – деді Ерлан Абаев.

       Отырыстың қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

       Ұсынылған шараларды іске асыру өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бас бостандығынан айыру орындарындағы тұрақтылықты нығайту жөніндегі жұмыстың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі