Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарға медициналық скрининг жүргізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарға медициналық скрининг жүргізілді

       Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №20 мекемесінде сотталғандарға жаппай медициналық скрининг өткізілді. Іс-шара Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

       Мекеме аумағына жылжымалы медициналық кешен жеткізілді. Скринингпен қатар, сотталғандарды салалық дәрігерлер – офтальмолог, невропатолог, стоматолог және басқа мамандар қабылдады. Барлығы 163-тен астам адам тексеруден өтті.

       Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың денсаулығын қорғау және оларға кепілді медициналық көмекті алу құқықтарын қамтамасыз ету.

       Тексеру қорытындысы бойынша дәрігерлер әрбір сотталғанға жеке емдеу және қосымша тексеруден өту бойынша ұсынымдар берді.

       Осындай іс-шараларды ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің №19, 21 және 23 мекемелерінде де өткізу және оларды жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.

       Абай облысының прокуратурасы

#Әділдік

#Заңүстемдігі