
2020–2024 жылдары Аягөз ауданының әкімдігі әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін тұрғын үйлерді құрылыс салушылардан сатып алған. Тұрғын үй салуға арналған жер учаскелері уақытша пайдалануға беріліп, кейін меншікке рәсімделуі тиіс болған. Алайда кәсіпкерлер жер учаскелерін өз меншіктеріне рәсімдемей, жалдау ақысын төлемеген, бұл – жер заңнамасының талаптарын бұзу болып табылады.
Салдарынан аталған үйлерде адал ниетпен тұрып жатқан азаматтар оларды жеке меншікке рәсімдей алмады.
Мәселені шешу мақсатында 10 қазан күні Аягөз қаласында облыс прокуратурасы мен әкімдігі өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Азаматтарға бұзушылықтарға тұрғындардың емес, құрылыс салушылырдың жауапты екені түсіндірілді.
Прокуратура өкілі тұрғындарды шығару қаупі жоқ екенін, олардың құқықтары толық көлемде қорғалатынын атап өтті.
Құрылыс салушыларға жер учаскелерін рәсімдеуді аяқтау міндеттелді.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі