Абай облысының прокуратурасы жастардың құқықтық тәрбиесін, құқықтық мәдениетін және заң үстемдігі қағидатын нығайту бойынша жүйелі жұмысты дәйекті түрде жалғастырып келеді. Бұл жұмыс аймақта білім алып жүрген шетел азаматтарын да қамтиды.
Семей қаласындағы Медициналық университетте облыс прокуратурасы қызметкерлерінің шетелдік студенттермен алғашқы кездесуі өтті. Іс-шара 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыруға арналды.
Оқыту тілі ескеріліп, сабақтар ағылшын тілінде жүргізілуде. Бұл шетелдік студенттердің барлығын қамтып, тілдік кедергілерсіз тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Дәріс барысында студенттерге Тұжырымдаманың негізгі ережелері таныстырылды. Лектор Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау маңызын атап өтіп, ең алдымен студенттердің қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық шаралар туралы айтты.
Арнайы назар бірінші курс студенттеріне аударылды – бағдарлама олардың Қазақстандағы өмірге бейімделуіне, жергілікті нормаларды меңгеруіне, құқық бұзушылықтан сақтануына және заңға құрмет сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
Шетелдік студенттерге қазақстандық қоғамның моральдық және мәдени нормалары, өзге ұлттар мен діндерге ұлттық төзімділік қағидаттары, сондай-ақ құқық бұзғаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Қатысушыларға елде қауіпсіз тұруға арналған практикалық кеңестер мен көмек алу үшін пайдалы байланыстарды қамтитын «Student Guide: Living and Studying Safely in Kazakhstan» брошюралары таратылды.
Дәрістер осы жылдың қазан айының соңына дейін жалғасып, Үндістан, Пәкістан, Бахрейн, Түркия, Йемен, Сирия, Канада, Ливия, Өзбекстан, Ауғанстан, Мысыр, Ресей және Түрікменстаннан келген шамамен мың студентті қамтитын болады.
Абай облысының прокуратурасы шетелдік студенттермен жұмысты олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қазақстандық қоғамға сәтті бейімделуіне және қауіпсіз білім алуына ықпал ететін профилактикалық қызметтің маңызды бағыты ретінде қарастырады.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі