«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Семей қаласында «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» атты әлеуметтік акция өтті. Іс-шараны облыс прокуратурасы полиция департаменті және «Елімай» футбол клубымен бірлесіп ұйымдастырды.
Акцияның жарқын сәттерінің бірі футбол матчы кезінде өткізілген ағартушылық шара болды.
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бейнеролик көрсетіліп, брошюралар таратылды, ал «Елімай» футбол клубының ойыншылары алаңға «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген жазуы бар жейделермен шықты. Олар осылайша әлеуметтік бастамаға қолдау білдірді.
Мұндай акцияларды өткізу — әрбір азамат қорғалып, қолдау таба алатын қауіпсіз әрі салауатты ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Басты мақсат — қоғамның назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, отбасындағы өзара құрмет пен көмектесу құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі