Абай облысында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін телеграм-бот іске қосылды

Абай облысында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін телеграм-бот іске қосылды

       Үржар ауданының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін жаңа цифрлық құрал — «Пробация» телеграм-ботын таныстырды. Бұл бастама есепте тұрған азаматтармен тиімді өзара әрекеттесуді арттыру және оларға уақытылы құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылды.

       Боттың функционалында бірнеше қызметтер қарастырылған, оның ішінде E-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы өтініштер беру мүмкіндігі және әлеуметтік-құқықтық қолдау туралы маңызды ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар. Пайдаланушылар үшін профильді мамандардың байланыс деректері, реабилитация, жұмысқа орналастыру және білім алу бағдарламалары туралы мәліметтер қолжетімді.

       Жоба құқық қорғау қызметінің цифрландыру аясында жүзеге асырылуда, бұл рецидивтердің деңгейін едәуір төмендетуге және пробациялық бақылаудағы азаматтардың сәтті ресоциализациясына ықпал етеді.

       Прокуратура құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыра отырып, барлық азаматтарға заң көмегінің ашықтығын, қолжетімділігін және уақыттылығын нығайтуды көздейді.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі