Қоқыс үйінділері тек құжат жүзінде «жойылған». Абай облысында прокуратура 80 қайталама бұзушылықты анықтады

Қоқыс үйінділері тек құжат жүзінде «жойылған». Абай облысында прокуратура 80 қайталама бұзушылықты анықтады

       Абай облысының табиғат қорғау прокуратурасы қалдықтарды жою және заңсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелері бойынша экологиялық заңнаманың талаптарының сақталуын талдау жүргізді.

       Анықталғандай, 2023 жылы облыс аумағында 347 заңсыз қоқыс үйіндісі тіркелген, олардың жойылғаны туралы жергілікті атқарушы органдар есеп берген.

       Алайда, 2024 жылдың соңында 233 жаңа қоқыс үйіндісі анықталды. Оның 80-нің координаттары 2023 жылы тіркелген қоқыс үйінділерінің орналасуымен сәйкес келеді. Бұл жергілікті атқарушы органдардың осы мәселеге формальды қарап, қабылданған шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді.

       Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Аягөз, Бородулиха, Жарма және Бесқарағай аудандарының әкім орынбасарлары, сондай-ақ Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

       Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі