Абай облысында «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы өтті

Абай облысында «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы өтті

       Ағымдағы жылдың 20 маусымында Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, облыс прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен инвестициялық форум өтті.

       Форумға қоғам қайраткерлері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, 500-ден астам кәсіпкер, оның ішінде шетелдік инвесторлар қатысты.

       Іс-шараның мақсаты - бизнес саласын дамытуды ашық талқылау, инвестициялық ахуалды, көлік логистикасын және өңірдің туристік тартымдылығын жақсарту бойынша бірлескен шешімдер қабылдау.

       Прокуратура инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, «прокурорлық сүзгі» цифрлық жүйесін енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешудегі қадағалау қызметінің нәтижелерін таныстырды.

       Форум қорытындысы бойынша өңірді дамытуға инвестиция тарту жөніндегі 15 меморандумға қол қойылды.

       Абай облысының прокуратурасы