Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.
Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі