Абай облысында прокуратура кәсіпкерлер алдындағы 43 млн теңгеден астам берешектің төленуіне қол жеткізді

Абай облысында прокуратура кәсіпкерлер алдындағы 43 млн теңгеден астам берешектің төленуіне қол жеткізді

       Прокуратура органдары бизнес субъектілерінің құқықтарының сақталуына ерекше назар аударады.

       Курчатов қаласының прокуратурасы 2024 жылдың басынан бастап коммуналдық кәсіпорындардың бірі 44 кәсіпкердің құқықтарын бұзып, жеткізілген тауарлар үшін 92,9 млн теңге төлемегенін анықтады.

       Мәселен, «Курчатов водоканал» КМК 2024 жылы су тазартуға арналған реагенттерді жеткізген кәсіпкерге 1,7 млн теңге төлемеген.

       Прокуратураның қадағалау актісі негізінде 8 бизнес субъектісіне 43 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді. Қалған сома кәсіпорынның қаражат тапшылығына байланысты кезең-кезеңімен өтелетін болады.

       КМК-ның кәсіпкерлер алдындағы міндеттемелерін орындауы Курчатов қаласы прокуратурасының бақылауына алынды. КМК-ның кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі