Қателіксіз жол. Абай облысында тәуекел тобындағы жасөспірімдермен қандай жұмыс жүргізілуде

Қателіксіз жол. Абай облысында тәуекел тобындағы жасөспірімдермен қандай жұмыс жүргізілуде

       Абай облысының прокуратурасы ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін жұмысқа ерекше назар аударып келеді.

       2025 жылдың 22 сәуірі және 2 мамырында әкімдікпен, полиция және ҚАЖ департаменттерімен бірлесіп «Заң және балалар: қателіксіз болашақ» атты іс-шара өткізілді.

       Қиын мінез-құлықты оқушылар мен колледж студенттері Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне барды. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға жазасын өтеп жатқан адамдардың ұсталатын жағдайлары көрсетіліп, сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.

       Бұл кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтың салдарын нақты көрсетуге мүмкіндік берді.

       Сонымен қатар, жағымды балама қалыптастыру мақсатында 9 мамырда жасөспірімдер Абай атындағы театрда «Ана – жер ана» спектаклін, ал 18 мамырда «Елімай» – «Қайрат» командалар арасындағы футбол матчын тамашалады.

       Мұндай жағымды эмоциялар, сөзсіз, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын өзгертуге ықпал етеді.

       Жасөспірімдерге заң аясындағы толыққанды өмір мен бас бостандығынан айыру орындарындағы өмір арасындағы айырмашылықты түсінуге мүмкіндік берілді.

       «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында жаңа форматтағы профилактикалық іс-шаралар жалғасын табады.

       Абай облысының прокуратурасы 

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Әділдік

#Заңүстемдігі