Абай облысында прокуратура іс-сапар шығындарын өтеу кезінде заң бұзушылықтарды анықтады

Абай облысында прокуратура іс-сапар шығындарын өтеу кезінде заң бұзушылықтарды анықтады

       Курчатов қаласының прокуратурасы қалалық мектептерде педагогтарға іс-сапар шығындарын төлемеу мәселесі бойынша еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады.

       Ағымдағы жылдың басынан бері тоғыз мұғалімге 300 мың теңгеден астам сомада шығын өтелмеген.

       Прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде барлық заң бұзушылықтар жойылып, педагогтарға берешек толық көлемде төленді. Екі мектеп директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

       Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі