Абай облысында прокуратура ерекше қажеттіліктері бар балалар құқықтарының бұзылғанын анықтады

Абай облысында прокуратура ерекше қажеттіліктері бар балалар құқықтарының бұзылғанын анықтады

       Бородулиха ауданының прокуратурасы психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар балалардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша талдау жүргізді.

       Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған диагнозы бар кәмелетке толмаған балалар айына 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек алуға құқылы.

       Алайда аудан ауруханасында есепте тұрған 80 баланың біреуі де тиісті әлеуметтік көмекті алмай келген.

       Анықталған бұзушылықтар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің балалардың заңды өкілдерін материалдық көмек алу мүмкіндігі туралы хабардар етпеуіне байланысты болды.

       Аудан прокуратурасының ұсынуымен уәкілетті орган балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік төлемдер алуға өтініштер қабылданды.

       Қазіргі таңда мұқтаж балаларға қосымша қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданды.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Әділдік

#Заңүстемдігі