«Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10-бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы

2020 жылы 11 қыркүйекте нормативті құқықтық актілер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4848657) Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» №4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10-бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) орналастырылды.

Бұл жоба 2020 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуратурасының құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

Комитеті