«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2020 жылғы 10 қыркүйекте НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4839876) «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы орналастырылды.

Тұтас алғанда, өзгерістер жеке және заңды тұлғаларға құқықтық статистикалық ақпараттарды ұсынудың негізгі тәсілдерін нақтылайды,          сондай-ақ тұлғамен әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтерді, оларды автоматтандыруға байланысты Мемлекеттік қызметтер тізілімінен алып тастау мақсатында ұсынуды  реттейді.

 Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті