«Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2025 жылғы 4 сәуірінде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15507953) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.

Осы жоба Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг шеңберінде әзірленді.    

Атап айтқанда, жобаның кіріспесі Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілген.

«Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығына сәйкес келтірілген Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің атауы.

Функционалдың іске асырылуына байланысты АЖ ААЖ-де «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған кәртішкесі» электрондық ақпараттық есепке алу құжаты автоматты түрде қалыптастырылатын болады.

Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.