2025 жылғы 4 сәуірінде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15508065) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Атап айтқанда, кассациялық сатыдағы соттар мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істерді қарау бойынша жұмысы туралы есептердің нысандары бекітілді.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.