2025 жылғы 17 ақпанында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15448196) Бас Прокурордың «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру аясында:
2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есебінің 5-бөлімі (бұдан әрі – есеп) кассациялық соттың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудағы жұмысын, есептің 6-бөлімі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудағы жұмысын көрсетеді;
2025 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» есептің 1 және 3 бөлімдері «қоғамдық жұмыстар» бағандарымен толықтырылды - әкімшілік жазаның жаңа негізгі түрі.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.