2024 жылғы 5 желтоқсанда Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері жұмыс іс-сапармен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде болды.
Жұмыс кездесуі барысында ресейлік әріптестерге цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, Қазақстанның қадағалау қызметінің тәжірибесі көрсетілді.
Атап айтқанда, прокурорлармен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің (ТСОБТ) мүмкіндіктері (тексерулердің ашықтығы, тексеруге дейін де, тексеруден кейін де тексерушілердің әрекеттеріне шағымдану) көрсетілді.
ТСОБТ пайдалануға берілгеннен (2018 жылдан бастап) тексеру тағайындау туралы 4 465 актіні тіркеуден бас тартылды, оның ішінде 2 331 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.
2377 заңсыз тексеру анықталды, олардың 1590 кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар нақты уақыт режимінде қылмыс тіркелген сәттен бастап сот шешімі шыққанға дейін прокурорлық қадағалау жүзеге асырылатын Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімімен (СДТБТ) таныстырылды.
Делегация өкілдерін СДТБТ Жария секторының жұмысы қызықтырды, ол арқылы қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі іс жүргізудің қажетті процестік құжаттарымен қашықтықтан таныса немесе сұрата алады.
Іс-сапардың қорытындысын шығара отырып, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері Қазақстанның қадағалау қызметін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтіп, қарсы алғаны және берілген ақпарат үшін алғыс білдірді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті