Азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заң талаптарының бұзылуы

Азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заң талаптарының бұзылуы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті облыс әкімінің аппараты қызметін тексеру нәтижесінде азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заң талаптарының бұзылу деректерін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша аталған ведомствоның әдеп жөніндегі уәкілі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 498-бабының 1-тармағымен  өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комитеттің облыстық департаментінде атап өткендей, ағымдағы жылғы 1-тоқсанында тексерулер мен талдаулардың қорытындысы бойынша осыған ұқсас бұзушылықтар үшін 38 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 15-і түрлі деңгейдегі басшылар болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілде айынан бастап азаматтардың жолданымдарын қараудың ашықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ оларды есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ететін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Кез келген бұрмалаушылықтарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың ойдан шығарылған игілігін жасау мақсатында жол берілмейді, ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

Бас прокуратурасының Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніңдегі комитеті